Міндетті грант өтеу

14 наурыз күні «Халықаралық білім беру корпорациясы» ЖШС ауыл квотасы және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бітіруші курс білім алушыларына Қаржы орталығының жетекші маманы ҚР «Білім туралы» Заңы негізінде жас мамандарға міндетті 3 жыл жұмыс өтілімі бойынша онлайн форматында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуге факультет декандары мен білім алушылар қатысты.  Кездесу барысында:  «Екінші мамандық алсам қалай болады?», «Жұмыс таппаған жағдайда не істеймін?», «Қазірден бастап жасаған жұмысым саналама?»,  «Тұрмысқа шықсам қалай болады?», «Әскерге шақырылған жағдайда және екінші рет магистратураға түссем не істеуге болады?» деген  сияқты әртүрлі сұрақтарға толық жауап берілді. 

Қаржы орталығының маманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығы бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды. Білім алушыларды міндетті грант өтеміне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Университетте түсіндірме жұмыстары алдағы уақыттада жалғасын табады.