Өмір бойы оқыту - қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер

Қазіргі күнде білім табысты мансап пен жеке дамудың негізі болып табылады. Егер бұрын мектепте немесе университетте оқу білім алудың соңғы кезеңі болып саналса, бүгінде көпшілікбілім алу өмір бойы тұрақты және үзіліссіз процесс болуы керек екенін түсінеді.

Үздіксіз оқыту бағдарламасының арқасында Қазақстан тұрғындары өздерінің кәсіби саласындағы соңғы инновациялардан хабардар болып еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін өз білімі мен дағдыларын жетілдіре алады.

Қазақстан даму жолындағы ел ретінде жаңа білім мен дағдыға ие болғысы келетін ересектер үшін жаңа мүмкіндіктерді белсенді түрде енгізуде. Бұл тұрғыда өмір бойы білім алуға мүмкіндік беретін оқу орындары ерекше құнды болып табылады.

 

Осындай жоғары оқу орындарының бірі – кәсіби өсуге арналған білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсынатын Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК).

ХБК кәсіптік қайта даярлау бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстары бойынша оқытуды дәстүрлі форматта ғана емес, сонымен қатар интерактивті онлайн сабақтар форматында да ұсынады. Бұл әр түрлі қызмет салаларындағы ересектерге кәсіби қызметін үзбей өзекті білім алуға мүмкіндік береді.

 

Өмір бойы оқыту дегеніміз не және оған ересек тұрғындарды тарту неге маңызды?