Поздравление Ректора МОК Маргариты Булатовны Имандосовой с праздником Наурыз.

Құрметті әріптестер!

Халықаралық білім беру корпорациясы сіздерді Ұлыстың ұлы күні — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтайды!

Наурыз мейрамы – Қазақстандағы көпұлтты елдің асыға күтетін бірлік пен ынтымаққа, татулыққа, ауызбіршілікке шақыратын жалпыхалықтық мереке.

Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы — Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт-береке әкелсін!

Жаңа жылда еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ел ішінде ынтымақ пен молшылық арта берсін! Сіздерге жаңа шабыт, жаңа шығармашылық табыс және әрқашан жаңа жетістіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

Ізгі ниетпен,

ХБК ректоры, т.ғ.д., профессор

М. Б. Имандосова